Мұхтар Әуезов атындағы театрдың 89-шы маусымы «Жүз жылдық махаббат» спектаклімен ашылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 қазан күні Қазақтың Мемлекеттік Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрының 89-шы маусымы жаңа премьерамен ашылады.
Салтанатты ашылу рәсіміне келер жылы тоқсан жылдығын атап өткелі отырған өнер ұжымының сексеннен астам әртісі қатыспақ.
Биылғы маусымның алғашқы қойылымы жазушы, драматург Дулат Исабековтің пьесасы негізінде сахналанған «Жүз жылдық махаббат» спектаклі болмақ. Қоюшы режиссер - Алма Кәкішева.
«Жүз жылдық махаббат»- Алаш ардақтысы, сұлулық пен махаббаттың жалынды жыршысы Мағжан ақынға арналған. Басты рольдер: Мағжан - Алмас Шаяхметов, Зылиха - Дәрия Жүсіп.
Бұл туралы театрдың баспасөз қызметінен хабарлады.