17:24, 13 Шілде 2009 | GMT +5
Мұхтар Әуезовтың қызы Мұғамила Әуезова өмірден озды
АЛМАТЫ. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыда 92 жасқа қараған шағында қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтың үлкен қызы Мұғамила Әуезова қайтыс болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мұғамила Әуезова ұлы жазушының бірінші әйелінен туған қызы. Ол «Әкем туралы сөз» деп аталатын естеліктер кітабының авторы. Марқұмды жерлеу рәсімі 15 шілде күні өтеді.