Мұхтар Құралов «Оңтүстіктің жүрегі - Мақтааралым мақтанышым» атты шығармашылық концертінің алдында баспасөз мәслихатын өткізді
АЛМАТЫ. Қазанның 20-сы. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Мұхтар Құралов бүгін өтетін «Оңтүстіктің жүрегі - Мақтааралым мақтанышым» атты шығармашылық концертінің алдында баспасөз мәслихатын өткізді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Композитор, белгілі ақын Мұхтар Құралов өзінің туған жері Мақтаарал ауданының құрметті азаматы. 1990 жылы Ақтөбе қаласында өткен республикалық ақындар айтысының бас жүлдесін жеңіп алған.
«Бұл мәжілісті өткізу себебім ән дүниеге келгеннен кейін әнді халыққа жеткізу, халықтың қалауынан шығу бар. Ән халықтың көңілінен шығып жатса, оның өміршеңдігіне көз жіберіп, тағы да шығармашылық жолға қанат қағып, өнер жолында шыңдала түсу керек. Сонымен қатар сол әнді орындайтын әншілердің талғампаздығын байқау да керек. Ауылдың әнін халыққа, яғни қала халқына жеткізсем деген ойым да бар», дейді ақын.