17:29, 10 Ақпан 2023 | GMT +5
Мұхтар Тілеуберді Лиссабонға сапарлайды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Лиссабонға сапармен барады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«13-14 ақпанда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Лиссабонға сапармен барады. Сапар барысында Португалия Сыртқы істер министрімен, Республика Ассамблеясы басшылығымен, «Қазақстан-Португалия» парламентаралық достық тобы мүшелерімен және Португалияның жетекші жоғары технологиялық компанияларының басшыларымен кездесулер жоспарланған», - деді Айбек Смадияров БАҚ өкілдеріне арналған брифинг барысында.
Оның атап өтуінше, бұл сапар Қазақстанның еуропалық маңызды әріптесімен екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қосымша серпін береді деп күтіледі.