Мұқағали Мақатаевты еске түсіруге арналған дәстүрлі «Бүгін менің туған күнім» кеші биыл Талдықорғанда өтеді

АЛМАТЫ. Қаңтардың 30-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Асқар Наймантаевтың жобасы бойынша жыл сайын ақпанның 9-ы күні Алматыдағы Республика сарайында өтетін Мұқағали Мақатевтың туған күніне арналған «Бүгін менің туған күнім» деп аталатын дәстүрлі шара биыл Талдықорған қаласында өтеді,

Мұқағали Мақатаевты    еске түсіруге арналған дәстүрлі «Бүгін менің  туған күнім» кеші биыл  Талдықорғанда өтеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бикен Римова атындағы облыстық драма театры былтыр ақынның «Райымбек, Райымбек» поэмасын сахналаған болатын. Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Мұрат Ахманов қойған бұл шығарма Қарағанды қаласында өткен республикалық театрлар байқауында үлкен жүлдеге ие болып қайтқан еді. Театр ұжымының өтініші бойынша Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған «Бүгін менің туған күнім» жобасы биыл осы өнер ордасының ғимаратында өтетін болды», дейді шараның ұйымдастырушы, режиссер Асқар Наймантаев. Оның айтуынша, кештің бірінші бөлімінде «Райымбек, Райымбек!» қойылымы көрсетіліп, екінші бөлімі поэзия мен ән кешіне жалғасады. Онда дәстүр бойынша биыл да жаңа әндер, жаңа есімдер жарыққа шығады.