Мұқағали Мақатаевтың бұрын еш жәрде жарияланбаған өлеңі мен қолжазбалары табылды - Мұрат Әуезов

АЛМАТЫ. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Мұқағалитану ғылымы әлі өз шыңына жеткен жоқ. Бүгін Алматыда өткен «Поэзия, менімен егіз бе едің?» деп аталатын әдеби-поэтикалық кеште осындай ойлар айтылды.
None
None

«Мұқағали ағамыздың өз қолымен жазған Мұхтар Әуезовке арнаған өлеңі бар екен. Сондай-ақ Дантенің «Тәңір тәлкегі» деген шығармасының аудармасына байланысты ойлары туралы жазбасын тауып алдым. Мен олардың қолжазбасының көшірмесін бүгін ҚР Тұңғыш Президентінің қорына тапсыруға әкелдім», - дейді Мұхтар Әуезов қорының президенті Мұрат Әуезов. М.Мұхтарұлының айтуынша, бұл болашақ зерттеушілер үшін қажет. Өйткені Мұқағали Мақатаев өз қолымен жазған бұл қолжазбасында - «ұлы дастанның орыс тіліндегі аудармасы жолма-жол жасалғандай сияқтанады да тұрады. Поэзиялық шығарманы аударуда ең бастысы ойға көңіл бөлуді ойлаған жөн ғой деймін» дегенді айтады.

Соңғы жаңалықтар