«Мұқағали» поэтикалық драмасына - 10 жыл!

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылдың 8 ақпанында Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры театр репертуарындағы драматург С.Тұрғынбекұлының «Мұқағали» поэтикалық драмасының 10 жылдығын атап өтеді, деп хабарлайды театрдың баспасөз қызметінен.

 «Мұқағали» поэтикалық драмасына  - 10 жыл!

«Мұқағали» поэтикалық драмасы 2004 жылы алғаш рет сахналанған, содан бері театр репертуарындағы көрермендер тарапынан жоғары сұранысқа ие қойылымның бірі. Пьеса авторы Серік Тұрғынбекұлы, қоюшы режиссері - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов. Ақиық ақынның бейнесін актер Жанқалдыбек Төленбаев сомдайды.

«Өмірін поэзия мен прозаға арнаған ұлы тұлғаның бейнесі театр өнері арқылы барша көрерменге насихатталауда. Заманына сыймай кеткен ақиық ақынның жүрегі нәзік. Поэтикалық драмадан тірі кезінде бағаланбаған ақынның қоғамнан көрген қиянатын, жан күйзелісін байқаймыз. Бір ғана ақын өмірі арқылы өмір сүріп отырған ортаның хал-ахуалын көреміз» делінген хабарламада.