Мультфильм кейіпкері ойдан шығарылған ең бай персонаж атанып отыр

АСТАНА. 8 сәуір. ҚазАқпарат - Скрудж Макдак, Forbes журналының нұсқасы бойынша, ойдан шығарылған ең бай персонаж атағын қайтарып алды.

Мультфильм кейіпкері    ойдан шығарылған  ең  бай  персонаж атанып отыр

Басылымның мәліметі бойынша, алтын бағасының 30 пайызға өсуінің арқасында (мульфильмді көрген болсаңыз, Макдак өз ақшасын сауытпен қапталған үлкен қойманың ішінде алтын түрінде сақтайды), Скрудждың байлығы 33,5 миллиард доллардан 44,1 миллиард долларға жетіп отыр, деп хабарлайды forbes.com сайты.

Ойдан шығарылған кейіпкерлердің арасындағы «бай-манаптар» рейтингінде екінші орында - Стефани Майердің «Сумерки» кітабының кейіпкері Карлайл Каллен тұр. Оның байлығы 36,2 миллиард долларға бағаланады екен.

Ойдан шығарылған ең бай персонаждар рейтингісіндегі үшінші орын - жас дарын Артемис Фаул Екіншіге бұйырып отыр. Фаул - ирландиялық Йион Колфердің кітабының кейіпкері. Forbes жас дарынның байлығын 13,5 миллиардқа бағалап отыр.