Мультикультурализм Қазақстанда гүлденіп жатыр - ҚР Премьер -министрі

АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың пікірінше, мультикультурализм Қазақстанда гүлденіп жатыр.
None
None

«Мультикультурализм: әлдеқайда жойылған, кейбір жерде - шала-жансар күйде, Қазақстанда гүлденіп жатыр», - деп жазды Үкімет басшысы өзінің Twitter-дегі жеке парақшасына.

Еске салайық, соңғы кездері шетелдік саясаткерлер, атап айтқанда Ангела Меркель, Дэвид Кэмерон және Николя Саркози батыс елдерінде мультикультурализмнің құлдырап жатқандығы туралы айта бастады.

К.Мәсімов бұл пікірін, Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті 17-ші сессиясынан кейін жазды. Президент атап өткендей, Қазақстанда этностардың бірлігі, елдегі және оның сыртындағы бейбітшілік - қазақтардың жарқын болашағына алып келеді.

Соңғы жаңалықтар