Мүлікті бағалау қызметі мемлекеттік бақылаудан өзін-өзі реттеу нарығына біртіндеп ауысатын болады ? заң жобасы

АСТАНА. Мамырдың 20-cы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аталған заң жобасының негізгі мақсаты еліміздегі бағалау қызметінің нарықтық жүйесін жетілдіру және ретке келтіру болып табылады. Сонымен бірге, құжатта бағалау қызметі саласындағы халықаралық оң тәжірибені имплементациялау мақсатында мүлікті бағалауды мемлекеттік бақылаудан өзін-өзі реттеуге біртіндеп ауысуды жүзеге асыру көзделеді. Осыған байланысты, заң жобасы бойынша бірқатар өкілеттіктері қамтылған өзін-өзі реттейтін бағалаушылар палатасын құру ұсынылып отыр. Мұндай ұйымдарды құру бағалаушылардың оларға міндетті түрде мүше болуын да қарастырады. Сонымен бірге, бағалау қызметінің сапасын жақсарту үшін заң жобасында бағалау қызметімен айналысуға үміткердің білім деңгейін тексеру мақсатында оны емтиханнан өткізу институты да енгізілмек. Ал уәкілетті органдарға бағалаушылар үшін міндетті болып табылатын бағалау стандарттарын әзірлеу және бекіту құзіреті берілетін болады. Заң жобасын екінші оқылымға әзірлеу барысында депутаттар тарапынан жекелеген баптардың редакцияларын жақсартуға бағытталған ұсыныстар келіп түскен. Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жіберіледі.
Соңғы жаңалықтар