Мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамға толыққанды ықпалдасуын қамтамасыз ету қажет - Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А.Шәкіров

АСТАНА. 7 қараша. ҚазАқпарат -  Бүгін ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Асқар Шәкіров мүгедек әйелдер ұйымдарының жетекшілерімен кездесті.

Мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамға толыққанды ықпалдасуын қамтамасыз ету қажет - Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А.Шәкіров

Іс-шара аясында  мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері кеңінен талқыланды. А.Шәкіров өз кезегінде осы салада атқарып жатқан жұмысы жайында жан-жақты хабардар етті. «Бүгінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын сақтау мәселелері Мемлекет басшысының атына жолданатын Уәкілдің жыл сайынғы есебінде көрсетіледі. Осы салада арнайы мониторинг жасалып, сараптамалық-аналитикалық жұмыстар жүргізіледі. Ағымдағы жылы біз Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын сақтауға арналған ұсыныстар орталық мемлекеттік органдарға жолдадық. Басты мәселе - мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамға толыққанды ықпалдасуын қамтамасыз ету», - деп атап көрсетті А.Шәкіров.