Мүмкіндігі шектеулі балалардың көрме-жәрмеңкесі өтті - Астана

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Менің анам - алтын». Осындай бастамамен Астана қаласы Есіл ауданының әкімдігі мүмкіндігі шектеулі балалардың қолөнер бұйымдары көрме-жәрмеңкесін өткізді.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың көрме-жәрмеңкесі өтті - Астана

Көрмеге 40 қатысушының 100 жуық жұмысы қойылды. Оның ішінде 30-ы мүмкіндігі шектеулі балалар.

«Хан шатыр» СОСО өткен жәрмеңкеде 8 жасар Медет Серікбаевтың жұмысы бас жүлдеге лайық деп танылды. Ол көрмеге әжесі екеуінің жасаған ұлттық қолөнер бұйымдарын қойған. Өнерлі балақайды жеңісімен құттықтаған «Нұр Астана» мешітінің өкілдері теледидар тарту етті. Ал, «Әзірет сұлтан» мешіті осы қайырымдылық акциясы аясында мүмкіндігі шектеулі бала асырап отырған, көпбалалы 20 астам отбасына азық-түлік үйлестірмек, деп хабарлады astana.kz.