Мүмкіндігі шектеулі балалары бар ата-аналарға психологиялық қолдау көрсетіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат -Астана қаласында 18-20 желтоқсан күндері еліміздің 5 аймағынан келген психологтар «Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарымен жұмыс әдістері» атты семинар өткізеді. Жобаны «Дара» қайырымдылық қоры психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің мамандарына арнап ұйымдастырып отыр, деп хабарлады қордың баспасөз қызметінен.
Қордың ұйытқы болуымен бұған дейін Алматы, Астана, Қарағанды қалаларындағы 4 түзету орталығында ата-аналар клубы құрылып, мүгедек балалары бар отбасыларға психологиялық және ақпаратттық қолдау көрсетілді. Ата-аналардың айтуынша, олар мұндай қолдауға аса мұқтаж.
-Мамандардың кеңесінің арқасында біз өзіміз үшін ең басты мәселені түсіндік - біздің баламыздың жағдайында адам ұялатын немесе шошитындай ештеңе жоқ, ол тек қана басқалардан ерекше, көпшілікке ұқсамайды. Мамандар бізге баламызбен қалай дұрыс қарым-қатынас құруды, уақытымызды оның дамуы үшін тиімді, әрі қызық етіп ұйымдастыруды үйретті,-дейді қарағандылық Марина Кабалова.
Үш күндік семинар психолог-мамандардың біліктілігін арттыру арқылы ата-аналарға көрсетілетін қызмет сапасын көтеруді көздейді. Семинарды белгілі психолог, Еуразия тәжірибелік психология және психотерапия интситутының маманы Людмила Куликова жүргізеді.