Мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы «Бәріміз бірдейміз - кемсітуді білмейміз» сайысының жеңімпаздарын 13 тамыз күні Астанада марапаттайды

АСТАНА. 12 тамыз. ҚазАқпарат - Мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы «Бәріміз бірдейміз - кемсітуді білмейміз» республикалық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттауы 13 тамыз күні өтеді, деп хабарлады Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының баспасөз қызметінен.

Мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы «Бәріміз бірдейміз - кемсітуді білмейміз» сайысының жеңімпаздарын 13 тамыз күні Астанада марапаттайды

«Астанада мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы республикалық «Бәріміз бірдейміз - кемсітуді білмейміз» байқауының аясында 2013 жылдың 2-7 тамыз аралығында іріктеу кезеңі өтті. Әр аталым бойынша қазылар байқаудың жеңімпаздарын анықтады» деп ведомствоның баспасөз хабарламасында жазылған.

Салтанатты марапаттау рәсімі 13 тамыз күні Оқушылар сарайында (Б. Момышұлы даңғылы, 5) 15-00-де өтеді. Марапаттау 8 аталым бойынша: «Үздік әлеуметтік жоба», «Ең үздік мамандық иесі», «Үздік би», «Үздік орындаушы», «Ең тату отбасы», «Үздік жасампаз», «Үздік спортшы» және «Жеңіске жігер танытқаны үшін» дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болады.