Қызылорда облысында мүмкіндігі шектеулі баланы азаптаған жасөспірімге қатысты іс қозғалды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Telegram әлеуметтік желісінде Қызылорда облысында жасөспірімнің мүмкіндігі шектеулі баланы азаптап, аяғын күйдіргені туралы жазба жарияланды.

Мүмкіндігі шектеулі баланы азаптаған күдікті ұсталды
Фото: видеодан алынған кадр

Қоғамдық резонанс тудырған жазбаға байланысты жағдайды Қызылорда облыстық полиция департаменті түсіндірді.

- Бұзақылық дерегі бойынша полиция тарапынан қылмыстық іс қозғалды. Күдікті – кәмелетке толмаған бала ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деді департамент бастығы Серік Ергешов.

Ведомство басшысы қылмыстық істің тергелу барысын ерекше бақылауға алғанын мәлімдеді.

Бұған дейін біз Қызылорда облысында алаяқтыққа қатысы бар күдіктілер ұсталғанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар