13:19, 14 Ақпан 2009 | GMT +5
Мұнай 3,5 долларға қымбаттады
МӘСКЕУ. Ақпанның 14-і. ҚазАқпарат – 2009 жылғы ақпанның 13-індегі сауда-саттық қорытындылары бойынша мұнайдың әлемдік рыноктағы бағасы жетекші мұнай биржаларында түрлі бағыттарда өзгерді.
Мұнайдың таяу айларда жеткізіп беру фьючерстерінің ресми бағасы мыналарды: Лондонда InterContinental Exchange Futures - IPE Brent Crude - 44,81 (-1,22) долл./барр.; Нью-Йоркте New York Mercantile Exchange - Light, Sweet Crude Oil - 37,51 (+3,53) долл./барр. құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап. Light Sweet фьючерстерімен жасалатын мәміле бойынша бағалардағы оң өсу қарқыны техникалық сатып алуларға негізделген.