Мұнай бағасы құбылды: Brent қымбаттап, WTI арзандады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Мұнай нарығына Таяу Шығыстағы шиеленістің сақталуы әсер етіп жатыр.
2026 жылдың 17 тамызындағы жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың баррелі 0,28 центке қымбаттап, 88,80 долларға жетті. Осылайша, Brent мұнайы өткен аптада көтерілген межесін ұстап тұр.
WTI маркалы мұнай бағасы 4 центке арзандап, баррелі 82,36 доллардан саудаланып жатыр. Ресейлік Urals мұнайының бағасы 78 центке төмендеп, барреліне 84,08 доллар болды.
Таяу Шығыстағы шиеленіс нарыққа ықпал етіп отыр және тасымалдаудың тоқтауына қатысты алаңдаушылықты күшейте түседі. Демалыс күндері Израиль Ливанға жаңа соққылар жасап, салдарынан 11 адам қаза тапты. Ал Ормуз бұғазында ADNOC мұнай компаниясының екі кемесі шабуылға ұшырағаны хабарланған еді.
Сонымен қатар Иран Парсы шығанағындағы Харк аралында орналасқан батыс терминалында 25 күндік шектеуден кейін мұнай жөнелтуді қайта жандандырды. Харк аралы — Иран мұнай инфрақұрылымының негізгі орталықтарының бірі. Ондағы терминалдар арқылы ирандық мұнай экспортының шамамен 90%-ы жүзеге асырылады.
Одан бөлек Иран мен Оман Ормуз бұғазы арқылы өтетін теңіз бағдарларының картасы бойынша келісімге келді.