Мұнай бағасы 2,5 -4 долларға дейін көтерілді
АСТАНА. 9 сәуір. ҚазАқпарат - 8 сәуірдегі сауданың қорытындысы бойынша Лондон биржасында Brent мұнайының ресми бағасы 3,98 долларға көтеріліп, 126,65 доллар/баррелді құрады. Ал Нью-Йорк биржасында Light Sweet мұнайының ресми бағасы 2,49 долларға қымбаттап, 112,79 доллар/баррелді шамалады, деп хабарлайды РБК агенттігі
Нарықтағы «қара алтын» бағасының әрі қарай өсуіне Ливияның Сарир кенішіндегі мұнай құбырының зақымдануы туралы хабар негіз болып отыр. Оған қоса, АҰШ доллар бағамының әлсіреуі де мұнай бағасының көтерілуіне өз әсерін тигізген.