Мұнай бағасы 2,5 пайызға көтерілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма күні өткен саудада мұнай бағасы қытайлық қор нарықтарының өсуінен кейін шамамен 2,5 пайызға өскен. Бұл туралы ВВС агенттігі хабарлады.
Бүгін Brent маркалы мұнайдың бағасы 34,6 долларды, ал американдық WTI маркалы мұнайдың бағасы - 34,1 долларды құрады.
Бейсенбі күні мұнай бағалары соңғы 12 жылда ең төмен көрсеткішке дейін жеткен. Қытай қор нарығының құлдырауы әлемдік нарық пен шикізат бағаларының төмендеуіне әкеліп соқтырды. Инвесторлар Қытайдағы дағдарыстан қорқып, қауіпті активтерден құтыла бастады.