09:10, 04 Мамыр 2011 | GMT +5
Мұнай бағасы 2 доллардан астамға арзандады
АНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат - 3 мамырдағы сауданың қорытындысы бойынша Лондон биржасында Brent мұнайының ресми бағасы 2,67 долларға арзандап,

122,45 доллар/баррельді құрады, деп хабарлайды РБК агенттігі.
Ал Нью-Йорк биржасында Light Sweet мұнайының бағасы 2,47 долларға төмендеп, 111,05 доллар/баррельді шамалады.
Мұнай бағасы осымен екінші күн қатарынан арзандап отыр. Алдыңғы күнгі саудада «қара алтынның» бағасы, Усама бен Ладеннің көзі жойылғаны туралы ақпараттан кейін, күрт төмендей бастаған еді.