Мұнай бағасы 2 долларға төмендеді

АСТАНА. 29 ақпан. ҚазАқпарат - Мұнайдың әлемдік бағалары АҚШ-тан келген жағымсыз экономикалық статистикаға байланысты күрт төмендеп кетті.
None
None

NYMEX-те техастық Light Sweet-тің баррелі 2 доллар 1 центке төмендеп, 106 доллар 55 цент межесіне жетті, деп хабарлады РБК.

Ресейлік Urals-тың құны белгіленетін солтүстіктеңіздік Brent-тің құны Лондонда 121 доллар 55 цент көрсеткішіне дейін 2 доллар 62 центке төмендеді. 

Мұндай құлдыраудың себебі АҚШ-тан жеткен хабарлама болды. Сауда министрлігінің мәліметіне сәйкес, АҚШ-та ұзақ пайдаланылатын тауарларға тапсырыс көлемі 2012 жылдың қаңтарында оның алдындағы аймен салыстырғанда 4 пайызға, бензинге 5,5 пайызға төмен болды.

Соңғы жаңалықтар