Мұнай бағасы 2014 жылдан бері алғаш рет 92 доллардан асты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –ТАСС - 2022 жылдың наурызында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерсінің құны лондондық ICE биржасында 1,08%-ға өсіп, барреліне 92,09 долларға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұнай бағасы 2014 жылдан бері алғаш рет 92 доллардан асты

Бұған Нұр-Сұлтан уақытымен 14:51 болған сауда алаңындағы деректер дәлел.

Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 92,1 доллар болған.
Соңғы рет Brent маркалы мұнай бағасы 2014 жылдың қазанында барреліне 92 доллардан асқан.