Мұнай бағасы 3 доллардан астамға қымбаттады
АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат - 1 наурыздағы сауданың қорытындысы бойынша Лондон биржасында Brent мұнайының ресми бағасы 3,62 долларға көтеріліп,
115,42 доллар/баррельге жетті, деп хабарлайды РБК агенттігі.
Ал Нью-Йорк биржасында Light Sweet мұнайының бағасы 2,66 долларға қымбаттап, 99,63 доллар/баррелді шамалады.
Сарапшылар бұл жағдайды Ливияға қарсы халықаралық санкциялардың енгізілу мүмкіндігімен және Оманда басталған халық толқуларымен байланыстырып отыр.
Оман ОПЕК-ке мүше ел болмағанымен, Сауд Арабстанына жақын орналасқан және Оманда өндірілетін мұнай Таяу Шығыстағы базалық қор саналады. Таяушығыс өңірінде өндірілетін басқа мұнай маркаларының бағасы омандық мұнайдың бағасына негізделеді.