Мұнай бағасы 3 долларға дерлік қымбаттады

ЛОНДОН-НЬЮ-ЙОРК. Маусымның 5-і. ҚазАқпарат - Жетекші мұнай биржаларында маусымның 4-інде өткен сауданың қорытындысы бойынша мұнайдың әлемдік бағасы анағұрлым қымбаттады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Алдағы айдағы мұнай фьючерстерінің ресми бағасы: Лондон биржасында -IPE e-Brent Crude Futures Electronic мұнайы үшін - 2,83 долларға қымбаттап, 68,71 доллар/баррельді құраса, Нью-Йорк биржасында - Light, Sweet Crude Oil мұнайы үшін -2,96 долларға қымбаттап, 68,81 доллар/баррельге жетті. Мәмілелер бойынша бағаның өсуін, сарапшылар, ең алдымен, осының алдында ғана арзандаған мұнай фьючерстерінің техникалық сатып алуларымен байланыстырып отыр. Естеріңізге сала кетейік, маусымның 3-інде мұнай фьючерстерінің бағасы күрт арзандап кеткен болатын. Бір күнде баға 3,5 долларға төмендеп, өткен аптадан бергі ең төменгі деңгейді көрсеткенін ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын. Мұнай бағасының мұншалықты құлдырауына АҚШ-тағы шикі мұнай қорының соңғы төрт аптадан бері алғаш рет кенеттен артуы негізгі себеп болып еді.
Соңғы жаңалықтар
Референдум