Мұнай бағасы 3 пайызға арзандады

АСТАНА.  Тамыздың 26-сы.  ҚазАқпарат -  Әлемдік  нарықтарда    мұнай  бағасы 3  пайызға   төмендеп кетті,  деп   хабарлайды  «Маяк» радиостансасы. 

Мұнай бағасы 3 пайызға арзандады

Оған   кешегі сауданың  басында  соңғы  10 айдағы рекордтық   көрсеткішке  жеткен шикізат  бағасының  өсуінен   пайда  табуға   кіріскен  саудагерлердің    дүрбелеңі себеп  болды. Ал  сауданың бас  кезінде  мұнай    бағасының  өсуіне    Бен Бернанкенің  АҚШ-тың Федералды Резервтік    жүйесінің  басшысы қызметіндегі  өкілеттігінің  ұзартылуы  туралы  хабары  себеп болған  еді.