08:29, 13 Қаңтар 2009 | GMT +5
Мұнай бағасы 37 долларға дейін арзандады
НЬЮ-ЙОРК/ЛОНДОН. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат – Жетекші мұнай биржаларында кеше, қаңтардың 12-сінде өткен сауданың қорытындысы бойынша «қара алтынның» әлемдік бағасы тағы арзандады.
Алдағы айдағы жеткізілетін мұнай фьючерстерінің ресми бағасы: Лондон биржасында - IPE Brent Crude маркалы мұнай үшін - 1,51 долларға арзандап, 42,91 доллар/баррельді құраса, Нью-Йорк биржасында - Light, Sweet Crude Oil маркалы мұнай үшін ? 3,24 долларға арзандап, 37,59 доллар/баррельді құрап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агентігіне сілтеме жасап. Осылайша, «қара алтын» бағасы осымен қатарынан үшінші күн арзандап отыр. Қаңтардың 7-сі күнгі сауданың қорытындысы бойынша мұнайдың әлемдік бағасы 5,95 және 4,67 долларға арзандаса (сәйкесінше Light, Sweet Crude Oil және IPE Brent Crude маркалы мұнайлар үшін), қаңтардың 8-інде 1,19 және 0,93 долларға арзандап еді. Ал қаңтардың 9-ында орташа арзандау көрсеткіші ? 0,50 доллар/баррельді құрады. Қаңтардың 10-ы мен 11-інде сауда болған жоқ.