Мұнай бағасы 4 долларға жуық арзандап кетті

АСТАНА. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат - Жетекші мұнай биржаларында ақпанның 4-і күні болған сауданың қорытындысы бойынша мұнайдың әлемдік бағасы едәуір төмендеп кетті.

Мұнай бағасы 4 долларға  жуық арзандап кетті

Алдағы айда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің ресми бағасы: Лондонда - IPE Brent Crude - маркалы мұнай үшін - 3,79 долларға арзандап, 72,13 доллар/баррельді; Нью-Йорк биржасында - Light, Sweet Crude Oil маркалы мұнай үшін - 3,84 долларға арзандап, 73,14 доллар/баррельді құрады, деп хабарлайды РБК.

Мұнай бағасының мұншалықты төмендеуіне өткен аптада энерготасымалдағыштарға деген төмен сұраныстың сақталуына байланысты АҚШ-та шикі мұнай қорының күрт артқаны туралы ақпарат әсер етті, дейді сарапшылар.