Мұнай бағасы 40 доллардан көтерілді

ЛОНДОН/НЬЮ-ЙОРК. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат – Жетекші мұнай биржаларында ақпанның 19-ы күні өткен сауданың қорытындысы бойынша мұнайдың әлемдік рыноктағы бағасы біршама көтерілді.
None
None
Алдағы айда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің ресми бағасы: Лондон биржасында - IPE Brent Crude маркалы мұнай үшін ? 2,44 долларға көтеріліп, 41,99 доллар/баррельге жетсе, Нью-Йорк биржасында - Light, Sweet Crude Oil маркалы мұнай үшін - 4,86 долларға көтеріліп, 39,48 доллар/баррельді құрап отыр. Фьючерс белгіленімдерінің өсуіне АҚШ-тағы қара алтын қорының күрт қысқаруы себеп болды. Дағдарысқа қарамастан, Құрама Штаттар мұнай өнімдерінің әлемдегі ең үлкен тұтынушысы болып қалуда. АҚШ Энергетика министрлігінің баяндамасы бойынша, ақпанның 3-13-і аралығында елде шикі мұнайдың коммерциялық қоры 0,2 миллион баррельге қысқарып, 350,6 миллион баррельді құраған.
Соңғы жаңалықтар