17:21, 22 Маусым 2016 | GMT +5
Мұнай бағасы 50 доллардан асты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 22 маусымда лондондық ICE биржасында 0,68 пайызға - 50,97 долларға дейін қымбаттады. Америкалық WTI мұнайының баррелі 0,89 пайызға көтеріліп, 50,31 долларды құрады, деп хабарлады Lenta.ru.

«Финам» компаниясының шолуында аталып өтілгендей, бағалардың өсуі АҚШ-та мұнай қорының төмендегені туралы мәліметтерінің жариялануымен байланысты. Америкалық мұнай институтының (API) ақпаратынша, мұнай қорының азаюы 5,2 миллион баррельді құрады. Бұл нарық болжамынан үш есе көп.
Сонымен қатар, сәрсенбі АҚШ Энергия министрлігінің мұнай қоры туралы мәліметтері жарияланады деп күтілуде.