Мұнай бағасы 50 доллардан төмен болып қала берсе, 7 мың мұнайшы жұмысынан айырылуы мүмкін

«Егер, тікелей мұнай өндіретін компаниялар жайында айтар болсақ, ол жақта ахуал мынадай: баға 50 доллардан төмен болған жағдайда барынша жоғары бағалауларға сәйкес жұмыс орындарының қысқару тәуекелі 10 пайызға дейінді, яғни, 7 мың адамды құрайды. Ал баға 60-50 доллар болса 5 мың, 70-60 доллар болса шамамен 2-2,5 мың адам»,- деді ол. Осыған орай ол Ұлттық экономика министрлігіне мұнайдың экспорттық кедендік салығы ставкаларын есептеу әдісін енгізуді ұсынғандықтарын атап өтті. Сонымен қатар, ол мұнайшылар қысқартуға ұшыраған жағдайда да олардың жұмыссыз қалмайтындығын атап өтті. «Егер біз 13 жоба іске қосатын болсақ, онда оның құрылысы барысында 21,5 мың жұмыс орны, оның ішінде тұрақты шамамен 6 мың орын құрылады. ТШО кеңейтуге қатысты шешімді біз желтоқсанда қабылдаймыз. Кеңейту барысында 20 мың жұмыс орны құрылады», - деді министр.