Мұнай бағасы $55 деңгейінде сақталады - сарапшылар
Мұнай бағасы жайлы үкіметтегі баспасөз мәслихатында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев пікір білдірді.
«Барлық мұнай өңдейтін елдермен бірге трендте болғымыз келетінін айтамыз. Біз үшін бағаның $50-ден (барреліне) төмендемегені маңызды. Бюджет Brent маркалы мұнайдың $50 бағасын ескеріп есептелді. Өткен жылы іске қосқан Қашаған кен орны барынша немесе азды-көпті жоғары көлемге тек осы жылы ғана шығады. Бүгінде 140-150 мың баррель мұнай өндірілуде. Біз екінші жартыжылдықта Қашағанда 200 мың баррель нақты өндіріледі, жыл аяғына дейін 300 мың баррельге жетіп қалады деп ойлаймыз. Сондықтан да әріптестерімізбен талқылап жатырмыз», - деді Қанат Бозымбаев.
Мұнайға әлемдік бағаны болжау туралы айтатын болса, қаржы сарапшыларының өз болжамдары бар.
FOREX CLUB сарапшылары таяу уақытта Brent маркалы мұнайға баға барреліне 55 доллар көлемінде өзгереді деп болжайды.
«Қазір баға негізгі қолдау деңгейіне жақын тұрғанын ескеріп, төмен баға деңгейінде белсенді сатылатынына таңғалатын ештеңе жоқ. Алайда нарықта құбылмалылықтың жоғары болуына орай баға қысқамерзімді 50,00 белгісінен төмен түсуі де мүмкін», - деп болжады FOREX CLUB сарапшысы Валерий Полховский.
Өз кезегінде, Еурокомиссия баға барынша тұрақты болып қалатынына сендіріп, бір жылғы мұнай бағасына болжам жасады.
«Brent маркалы мұнайға баға өндіруді шектеу және әлемдік қордың өзгеруі туралы жаңалықтар аясында барреліне 50-56 доллар диапазонында ауытқиды. ОПЕК елдерінде мұнай өндірісін қысқарту көлемін ықтимал ұлғайту шешімі мамырда қабылданатын болса да, фьючерстерге ағымдағы баға мұнай бағасы болжанған кезең ішінде жеткілікті деңгейде тұрақты болуы тиіс екенін бағамдайды», - деп атап өтті ЕК.