Мұнай бағасы 6 долларға арзандады

ЛОНДОН-НЬЮ-ЙОРК. Қаңтардың 8-і. ҚазАқпарат - Жетекші мұнай биржаларында қаңтардың 7-сінде өткен сауда қорытындысы бойынша мұнайдың әлемдік бағасы анағұрлым арзандады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Алдағы айдағы мұнай фьючерстерінің ресми бағасы: Нью-Йорк биржасында Light, Sweet Crude Oil маркалы мұнай ? 5,95 долларға арзандап, 42,63 доллар/баррельді құраса, Лондон биржасында IPE Brent Crude маркалы мұнай 4,67 долларға төмендеп, 45,86 доллар/баррельді құраған. «Қара алтын» бағасының арзандауына АҚШ-та мұнай қорының біршама артуы негіз болып отыр. Оның үстіне мұнай биржаларына американ экономикасындағы жағдайдың нашарлауының жаңа белгілері қысым көрсетіп отырған жайы бар. Экономистердің пайымдауынша, осыдан бір жыл бұрын басталған рецессия үдерісі АҚШ-та ағымдағы жылы да жалғасады. Елдің жалпы ішкі өнімінің өсу көрсеткіші теріс болады және 2,2 пайызды құрайды деп күтілуде. Экономиканы ынталандыру жоспарына қарастырылған шығынды қоса есептегенде, бюджет жетіспеушілігі 1,2 триллион доллардан асып түседі.
Соңғы жаңалықтар