Мұнай бағасы 60 доллардан асты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында бейсенбі күні өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мұнай бағасы 60 доллардан асты

Лондондағы ICE Futures биржасында қазан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың бағасы 0,57 долларға қымбаттап, баррелі 61 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) қазан айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай құны 0,93 долларға көтеріліп, бір баррелі 56,71 доллар болды.