Мұнай бағасы 65 доллардан асты

ЛОНДОН-НЬЮ-ЙОРК. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат - Жетекші мұнай биржаларында мамырдың 28-індегі сауданың қорытындысы бойынша мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы тағы көтерілді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Алдағы айда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің ресми бағасы: Лондон биржасында - IPE e-Brent Crude Futures Electronic мұнай үшін 1,89 доллар қымбаттап, 64,39 доллар/баррельді құраса, Нью-Йорк биржасында - Light, Sweet Crude Oil мұнай үшін - 1,63 долларға көтеріліп, 65,08 доллар/баррельге жетті. Бағаның көтерілуі, кеше Венада өткен ОПЕК мәжілісінде мұнай өндіру көлемін бұрынғы деңгейде қалдыру туралы шешіммен байланысты, - дейді сарапшылар. Картельдің келесі саммиті қыркүйек айының 9-ында ?Венада, ал желтоқсанның 17-сінде Анголада ? кезектен тыс кездесу өтеді.
Соңғы жаңалықтар