Мұнай бағасы 65 доллардан жоғары көтерілді
АСТАНА. Шілденің 18-і. ҚазАқпарат - 2009 жылғы шілденің 17-сіндегі жетекші мұнай биржаларындағы сауданың қорытындысы бойынша мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы көтерілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.
Алдағы айларға мұнай фьючерстері жеткізілімінің ресми бағасы Лондонда IPE Brent Crude мұнайы - 65,38 (+1,63) долл./барр.; Нью-Йоркте Light, Sweet Crude Oil мұнайы - 63,56 (+1,54) долл./баррельді құрады.