15:09, 03 Қаңтар 2009 | GMT +5
Мұнай бағасы 7 долларға жуық қымбаттады
ЛОНДОН – НЬЮ-ЙОРК. Қаңтардың 3-і. ҚазАқпарат – 2009 жылғы қаңтардың 2-сіндегі алғашқы сауда-саттықта жетекші мұнай биржаларындағы сауданың қорытындысы бойынша мұнайдың әлемдік рыноктағы бағасы айтарлықтай өсе түскен.
Таяу айдағы мұнай фьючерстері жеткізілімінің ресми бағалары мынандай: Лондонда InterContinental Exchange Futures - IPE Brent Crude - 46,91 (+6,76) долл./барр.; Нью-Йоркте New York Mercantile Exchange - Light, Sweet Crude Oil - 46,34 (+1,74) долл./барр. құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.Өткен жылдың соңғы күні мұнай бағасының өсе түскенін естеріңізге сала кетейік. Желтоқсанның 31-інде таяу айдағы мұнай фьючерстері жеткізілімінің ресми бағалары Нью-Йоркте New York Mercantile Exchange - Light, Sweet Crude Oil - 44,60 (+5,57) долл./барр. құрады.Қаңтардың 1-інде мерекеге байланысты сауда-саттық өткізілмеді.