Мұнай бағасы 70 доллардан асты

АСТАНА. Тамыздың 14-і. ҚазАқпарат -   Жетекші  мұнай  биржаларында  тамыздың 13-інде өткен   сауданың  қорытындысы  бойынша мұнайдың әлемдік бағасы қайта     көтерілді, 

Мұнай  бағасы  70 доллардан   асты

деп  хабарлайды   РБК агенттігі.

Алдағы айда жеткізілетін  мұнай фьючерстерінің ресми бағасы:

-Лондон биржасында - IPE Brent Crude  маркалы мұнай  үшін - 0,59 долларға қымбаттап,  73,48  доллар/баррельге  жетсе;

- Нью-Йорк биржасында - Light, Sweet Crude Oil  маркалы мұнай  үшін - 0,36   долларға  қымбаттап, 70,52  доллар/баррельді  құрады.