Мұнай бағасы 70 доллардан асты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында жұма күні өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мұнай бағасы 70 доллардан асты

Лондондағы ICE Futures биржасында маусым айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 1,17 долларға көтеріліп, 70,48 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) мамыр айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай бағасы 0,98 долларға арзандап, бір баррелі 63,08 доллар болды.

Авторы Асхат Ахметбеков