Мұнай бағасы 70 доллардан төмендеді
ЛОНДОН-НЬЮ-ЙОРК. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат - Маусымның 30-ында жетекші мұнай биржаларында өткен сауданың қорытындысы бойынша мұнайдың әлемдік бағасы арзандады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.
Алдағы айда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің ресми бағасы: Лондон биржасында 1,69 долларға арзандап, 69,30 доллар/баррельді құраса, Нью-Йорк биржасында 1,60 долларға арзандап, 69,89 доллар/баррельді көрсетті.
Осының алдында ғана мұнай бағасы 2008 жылдың қазан айынан бері алғаш рет 73 доллар/баррельді шамалаған болатын, бірақ міне, мұнайға деген сұраныс қайта төмендеп отыр. Мамандар мұны олардың техникалық сатылымдармен және кіріс фиксациясымен түсіндіруде.