Мұнай бағасы 70 долларға дейін өсті
АСТАНА. Шілденің 25-і. ҚазАқпарат - Әлемдік нарықтағы мұнайдың бағасы 2009 жылғы шілденің 24-індегі сауда бойынша жетекші мұнай биржаларында өсе түсті.
Мұнай фьючерстерінің ресми бағасы таяудағы айларда жеткізіп беру мыналарды: Лондонда InterContinental Exchange Futures Europe - IPE Brent Crude - 70,32 (+1,07) долл./барр.; Нью-Йоркте New York Mercantile Exchange - Light, Sweet Crude Oil - 68,05 (+0,89) долл./барр. құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.
Мұнай фьючерстерімен жасалған мәмілелер бойынша бағалардың оң қарқыны АҚШ долларының пайдасына өзгерудің FOREX рыногында болмауына негізделген. Кеше мұнайдың биржалардағы бағасы айтарлықтай өсті және сауда күнінің қорытындысы бойынша үш апта ішіндегі ең жоғары деңгейде белгіленді.