Мұнай бағасы 72 доллар/баррельге дейін төмендеді

АСТАНА. Маусымның 5-і. ҚазАқпарат - Маусымның 4-індегі сауданың қорытындысы бойынша Нью-Йорк биржасында Light Sweet мұнайының ресми бағасы бірден 3,10 долларға төмендеп, 71,51 доллар/баррелді құрады, деп хабарлайды РБК агенттігі.

Мұнай бағасы  72 доллар/баррельге дейін төмендеді

Ал Лондон биржасында Brent мұнайының бағасы 3,32 долларға арзандап, 72,09 доллар/баррелді шамалады.

Мұнай бағасының мұншалықты құлдырауына АҚШ-тағы еңбекпен қамтудың жағдайы туралы соңғы есеп себеп болып отыр, дейді сарапшылар. Мамыр айының қорытындысы бойынша, ауыл шаруашылығы емес салаларда жұмыс орындарының өсуі 431 мыңды құраған, ал сарапшылар ең аз дегенде, 513 мың орынды болжаған болатын.

Оған қоса, құрылған барлық жұмыс орындарының 411 мыңы уақытша болып табылады және олар 2010 жылы халық санағын өткізу үшін құрылған жұмыс орындары.

Мамыр айында жекеменшік секторда небәрі 41 мың жұмыс орны құрылған. Сарапшылар, бұл көрсеткіш 190 мыңды шамалайды деп болжаған еді. Яғни, уақытша жұмыс орындарын есептемегенде, мамыр айында елдің ауыл шаруашылығы емес салаларында небәрі 20 мың жаңа жұмыс орны құрылған.