Мұнай бағасы 75 доллар/баррельден асты

АСТАНА. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат - Маусымның 3-індегі сауданың қорытындысы бойынша Нью-Йорк биржасында Light Sweet маркалы мұнайдың ресми бағасы 1,75 долларға қымбаттап, 74,61 доллар/баррельге жетті, деп хабарлайды РБК агенттігі.

Мұнай бағасы 75 доллар/баррельден  асты

Ал Лондон биржасында Brent мұнайының ресми бағасы 1,66 долларға көтеріліп, 75,41 доллар/баррелді шамалады.

«Қара алтын» АҚШ Энергетика министрлігінің соңғы баяндамасынан кейін қымбаттап отыр. Соңғы деректерге сүйенсек, мамырдың 22-28-і аралығындағы аптада АҚШ-та шикі мұнайдың коммерциялық қоры, сарапшылар күткендей 1 миллион баррельге емес, 1,9 миллион баррельге төмендеп, 363,2 миллион баррелді құрап отыр.