Мұнай бағасы 76 долларға жетті
АСТАНА. Тамыздың 28-і. ҚазАқпарат - 2010 жылғы тамыздың 27-сіндегі сауда қорытындылары бойынша InterContinental Exchange Futures Europe (IСE Futures Europe) электронды сауда биржасында Brent мұнайының ресми бағасы 1,63 долларға қымбаттап, 76,65 доллар-баррельге жетті, деп хабарлайды РБК агенттігі.
Ню-Йорктағы New York Mercantile Exchange (NYMEX) жедел тауар биржасындағы WTI мұнайының ресми бағасы 2010 жылғы тамыздың 27-сінде өткен сауда қорытындылары бойынша 1,81 долларға қымбаттап, 75,17 доллар/баррельге жетті.