Мұнай бағасы 78 доллар/баррельден асты
АСТАНА. Шілденің 30-ы. ҚазАқпарат - Бейсенбі, шілденің 29-ында әлемдік нарықтағы мұнайдың бағасы көтерілді. Сарапшылардың айтуынша, оған доллар бағамының еуроға қатысты әлсіреуі себеп болды, деп хабарлайды РБК агенттігі.
Атап айтқанда, Лондон биржасында Brent мұнайының ресми бағасы 1,53 долларға қымбаттап, 77,59 доллар/баррельге жетсе, Нью-Йорк биржасында Light Sweet маркалы мұнайдың бағасы 1,37 долларға көтеріліп, 78,36 доллар/баррельді құрады.