08:32, 05 Қаңтар 2010 | GMT +5
Мұнай бағасы 80 доллар/баррельден асты
АСТАНА. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат - Нью-Йорк биржасында өткен 2010 жылдың алғашқы сауда сессиясында мұнайдың бағасы 80 доллар/баррельден асты.

Light Sweet маркалы мұнайдың ақпан айындағы фьючерстерінің бағасы 0,78 долларға көтеріліп, 80,14 доллар/баррельге жетті, деп хабарлайды ВВС телекомпаниясының Орыс қызметі.
Ал Лондон биржасында Brentмаркалы мұнайдың бағасы 0,67 долларға қымбаттап, 78,60 доллар/баррельді құрады.
Дүйсенбі күні Азия сауда биржаларында да мұнайдың бағасы 80 долларды шамалады. Қара алтын бағасының өсуін сарапшылар, АҚШ экономикасының жандану ықтималдығы туралы үмітпен және Еуропадағы, АҚШ пен Азияның кейбір аймақтарындағы ауа райының суытуымен байланыстырып отыр.