Мұнай бағасы 80 доллар/баррельге жақындады

АСТАНА.  Қазанның  20-сы.  ҚазАқпарат -    Мұнай  фьючерстері нарығында    бағаның  қарқынды өсуі  жалғасуда.    Дүйсенбі күні Нью-Йоркте  «қара алтын» бағасы   80 доллар/баррельге  жақындады, 

Мұнай бағасы 80  доллар/баррельге  жақындады

деп    хабарлайды «РосБизнесКонсалтинг» агенттігі.

Нью-Йорк  биржасында Light Sweet маркалы мұнай  баррелінің бағасы 1 доллар 8 центке көтеріліп, дүйсенбі күнгі сауда    79 доллар 61 цент деңгейінде    аяқталды. 

Ал Лондон   биржасында Brent  маркалы  мұнайдың  бағасы 78 центке  қымбаттап,    77,77 доллар/баррельді   құрады.

Сарапшылардың  пікірінше,  қыс мезгілінде мұнайдың бағасы 80 доллардың   төңірегінде  сақталады,  тіпті  одан      әрі көтерілуі де мүмкін.     Барлық   жағдай  мұнай  нарығында  маңызды роль  атқаратын  Қытай  экономикасының        тұтынысына байланысты  болмақ, дейді сарапшылар.