09:48, 07 Сәуір 2010 | GMT +5
Мұнай бағасы 87 доллар/баррельді шамалап қалды
АСТАНА. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат - Сәуірдің 6-сы күні жетекші мұнай биржаларында өткен сауданың қорытындысы бойынша «қара алтынның» әлемдік нарықтағы бағасы тағы көтерілді,
деп хабарлайды РБК.
Алдағы айда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің бағасы Лондонда - IPE Brent Crude маркалы мұнай үшін - 0,27 долларға қымбаттап, 86,15 доллар/баррелді құраса, Нью-Йорк биржасында - Light, Sweet Crude Oil маркалы мұнай үшін - 0,22 долларға қымбаттап, 86,84 доллар/баррелді шамалады.
Мұнай бағасының қымбаттауына энергоресурстардың әлемдегі ең ірі тұтынушысы саналатын Құрама Штаттардың экономикалық жағдайы туралы оң мәліметтер негіз болып отыр, дейді сарапшылар.