Мұнай бағасы 88 долларға дейін қымбаттады
АСТАНА. 5 қараша. ҚазАқпарат - Brent мұнайының ресми бағасы InterContinental Exchange Futures Europe (IСE Futures Europe) электронды тауарлы биржасында 2010 жылғы 4 қарашадағы сауда қорытындысы бойынша 1,62 долларға көтеріліп, 88,00 долл./барр құрады,
деп хабарлайды РБК.
WTI (Light Sweet) мұнайының ресми бағасы Нью-Йорктегі New York Mercantile Exchange (NYMEX) шұғыл тауар биржасындағы сауда қорытындысы бойынша 1,80 долларға көтеріліп, 86,49 долл./баррельді құрады.
Қара алтынның бағасы мамандардың сараптаулары бойынша ФРС шешіміне байланысты америка доллары бағамының төмендеуіне байланысты болып отыр. Аталған шешім бойынша, АҚШ нарықтан 600 млрд доллар көлемінде ұзақ мерзімді мемлекеттік облигация сатып алуды жоспарлап отыр.