Мұнай бағасы АҚШ-тың бұрғылау қондырғыларын қайта бағалау жағдайында тағы да өсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мұнайдың әлемдік бағалары дүйсенбі күнгі сауда-саттық барысында қайтадан өсті, бұған сауда-саттық мәліметтері дәлел, - инвесторлар АҚШ-тағы мұнай бұрғылау қондырғыларының серпіні мәліметтерін қайта бағалады және олардағы оң жақтарын атап өтті.

Мұнай бағасы АҚШ-тың бұрғылау қондырғыларын қайта бағалау жағдайында тағы да өсті

Мәскеу уақытымен 20:52-де солтүстіктеңіздік Brent маркалы мұнай қоспасының мамырдағы фьючерстері 0,61 пайыз өсіп, баррелі 41,45 доллар болды. WTI маркалы мұнайдың мамыр фьючерстерінің бағасы 0,92 пайызға артып, баррелі 41,52 долларға жетті.

Baker Hughes, есебіне сәйкес өткен аптада американдық компаниялардың мұнай бұрғылау қондырғыларының саны 2015 жылдың соңынан бері алғаш рет 0,26 пайызға, яғни 387 данаға өсті. Соңғы 12 апта бойы бұрғылау қондырғыларының саны қысқарып келген болатын.

Сарапшылар бұрғы саны артқанмен, таяудағы апталар мен айларда АҚШ-та мұнай өндіру шұғыл қысқарады деген болжам жасауда.