Мұнай бағасы әр бағытта өзгеріп отыр

АСТАНА. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат - Наурыздың 11-індегі сауданың қорытындысы бойынша жетекші мұнай биржаларындағы «қара алтынның» бағасы әр бағытта өзгерді,

Мұнай бағасы әр бағытта  өзгеріп     отыр

деп хабарлады РБК агенттігі.

Алдағы айда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің ресми бағасы төмендегідей: Лондон биржасында IPE Brent Crude маркалы мұнайдың бағасы 0,20 долларға арзандап, 80,28 доллар/баррелді құраса; Нью-Йорк биржасында Light, Sweet Crude Oil маркалы мұнайдың бағасы керісінше, 0,02 долларға қымбаттап, 82,11 доллар/баррелді құрады.